Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды… — Қазақстан Бас прокуратурасы — TG.ME

Мемлекеттік қызметшілердің құмар ойындарға қатысу фактілері анықталды
 
Шортанды ауданының прокуратурасы сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарының сақталуына жүргізілген талдау барысында жекелеген мемлекеттік қызметшілердің букмекерлік кеңселер арқылы құмар ойындарға және бәс тігуге қатысу фактілерін анықтады.

Атап айтқанда, мемлекеттік қызметшілердің бірі бірнеше ай бойы букмекерлік кеңсенің мобильді қосымшасы арқылы жүйелі түрде бәс тігіп, ойын шотын 5,7 млн теңгеден астам сомаға толықтырған.

Тексеру нәтижесінде «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы», «Мемлекеттік қызмет туралы» заңдардың және Мемлекеттік қызметшілердің әдеп кодексінің талаптарының бұзылғаны анықталды.

Прокуратура тарапынан прокурорлық қадағалау актісі енгізіліп, оны қарау нәтижесінде кінәлі тұлғаларға тәртіптік ықпал ету шаралары қолданылды. Сондай-ақ мұндай заң бұзушылықтарға жол бермеу мақсатында профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
 
Ақмола облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:

https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-akm-obl/press/news/details/1282936?lang=kk

🌐 https://t.me/GenPr

Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП
August 31, 2026 656