🔹 Медицина және халыққа су: Қарағанды облысында 20 млрд теңгеден астам сомаға 65 әлеуметтік жоба іске асырылды. Оның 55-і денсаулық сақтау, 10-ы коммуналдық инфрақұрылым саласында. Халық үшін не өзгерді? Барлық мәлімет сілтемеде!
🔹 Инвестициялық жобаға инфрақұрылым: Ақмола облысының прокуратурасы құны 3 млрд теңгелік жобаны сүйемелдеуде. Нысанды электрмен жабдықтауға 58 млн теңге бөлінді. Өндірісті іске қосуға не кедергі болды? Осында оқыңыз!
🔹 Күнбағыс — экспортта: Абай облысының прокуратурасы 13 мың тоннадан астам өнімді заңсыз экспорттаған кәсіпкерге қатысты үкімді қайта қарауға қол жеткізді. Келтірілген залал 266 млн теңгеден асты. Үкім қалай өзгерді? Осы жерден қараңыз.
📌 Жұма
🔹 70% табыс тұзақ болып шықты: Павлодар облысының прокуратурасы қаржы пирамидасынан зардап шеккен 515 азаматтың құқықтарын қорғады. Келтірілген залал шамамен 3 млрд теңге. Схема қалай жұмыс істеді? Сілтемеден оқыңыз!
🔹 Балық бизнесіне субсидия: Жамбыл облысының прокуратурасы акваөсіру саласындағы 17 субъектінің берешегін анықтап, оның 9-ына 119 млн теңге субсидия төленуін қамтамасыз етті. Берешек не себепті пайда болды? Толығырақ осында.
🔹 QARMET-ке миллиардтық залал: Қарағанды облысының прокуратурасы 1,5 млрд теңге залал келтірген ұйымдасқан қылмыстық тобының 13 қатысушысының сотталуына қол жеткізді. 1 млрд теңгенің мүлкі мемлекетке берілді. Схема қалай жұмыс істеді? Осы жерден қараңыз.
📌 Сенбі
🔹 Қазақстан мен Гонконг — инвесторлар құқығы үшін: Бас Прокурордың бірінші орынбасары Жандос Умиралиев инвесторлардың құқықтарын қорғау және жобаларды сүйемелдеу тетіктерін таныстырды. Тараптар ынтымақтастықты дамытуға келісті. Қазақстан қандай тетіктерді ұсынды? Барлық мәлімет сілтемеде!
🔹 Үш ауылға ауызсу: БҚО-да қайтарылған активтер есебінен 1,5 мыңнан астам тұрғын мен 9 әлеуметтік нысан ауызсумен қамтылды. Жобаға 2,1 млрд теңге бөлінді. Қайтарылған активтер есебінен тағы не салынды? Осы жерден оқыңыз.
🔹 Қазақстан мен БҰҰ — жаңа қауіптерге қарсы: Бас Прокурордың орынбасары Асхат Жумагали БҰҰ Есірткі және қылмыс жөніндегі басқармасының өкілі Оливер Штольпемен кездесті. Ынтымақтастық кезеңінде 4,5 мыңнан астам құқық қорғау қызметкері оқытылды. Тараптар не талқылады? Толығырақ осы жерден көріңіз.
Осы және басқа да жаңалықтарды Бас прокуратураның телеграм арнасынан оқып бізді әлеуметтік желілерден қараңыз:
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП