Өткен аптаның маңызды және өзекті жаңалықтарын естеріңізге саламыз.
📌 Дүйсенбі
🔹 Миллиардтар бюджетке қайтарылуда: Бас прокуратураның талдауы бойынша мемлекетке келтірілген залалды өтеу үшін 30,1 млрд теңгеге 27 талап-арыз берілді. Қазірдің өзінде 651 млн теңге қайтарылды. Қызылорда облысында қаражат қалай қайтарылды? Толығырақ осында.
🔹 Алимент орнына мүлік: Қостанай облысының прокуратурасы балалардың құқықтарын қорғады. Екі іс бойынша берешек 7 млн теңгеден асты, өндіріп алу борышкерлердің мүлкіне бағытталды. Балалардың құқығы қалай қорғалды? Осы женден оқыңыз.
🔹 21 мың спортшы — қорғауда: Маңғыстау облысының прокуратурасы 21 мыңнан астам спортшы мен 1,1 мың жаттықтырушыға тиесілі төлемдердің уақытылы берілуін қамтамасыз етті. Олардың құқығын кім бұзды және жауаптылыққа кім тартылды? Толығырақ сілтемеден көріңіз!
📌 Сейсенбі
🔹 Самокат — енді жай ермек емес: Бас прокуратура 390 мопед қатысқан жол-көлік оқиғасы аясында жаңа ережелерді еске салды. 33 адам қаза тауып, 461 адам жарақат алған. 25 тамыздан бастап самокатпен тротуарда жүруге тыйым салынды. Тағы қандай ережелер өзгерді? Осы жерден оқыңыз!
🔹 Білім берудің жаңа деңгейі: Құқық қорғау органдары академиясында ведомстволық жоғары оқу орындарындағы ғылымды дамыту, цифрландыру және жасанды интеллектіні енгізу мәселелері талқыланды. Кадр даярлау қалай өзгереді? Барлық мәліметті сілтемеден қараңыз!
🔹 Наркожарнама мерзімге әкелді: Жетісу облысының прокуратурасы есірткі сайттарын заңсыз жарнамалаған тұрғынға қатысты сот үкімі шығарылуына қол жеткізді. Сот қандай мерзім тағайындады? Толығырақ осында.
📌 Сәрсенбі
🔹 Бәс тігу — бақылауда: Павлодар облысының прокуратурасы шоттарына 600 млн теңгеден астам қаражат салған 279 алимент төлеушіні анықтады. Енді борышкерлердің құмар ойындарға қолжетімділігі бұғатталады. Олар қанша қаражат шығарды? Осы жерден көріңіз.
🔹 Жылдам табыс — ұзақ мерзім: Астана прокуратурасы мефедрон таратқаны үшін 19 жастағы екі студенттің сотталуына қол жеткізді. Ұстау кезінде 5,87 грамм есірткі тәркіленді. Студенттер қандай мерзім алды? Толығырақ сілтеме арқылы оқыңыз!
🔹 Инвесторларға жаңа мүмкіндіктер: Павлодарда Инвесторлардың құқықтарын қорғау комитетінің төрағасы Бауыржан Ералының қатысуымен форум өтті. Жыл басынан бері өңірде 673,8 млрд теңгенің 30 проблемалық мәселесі шешілді. Қандай мәселелерді? Толығырақ осында.
August 29, 2026 617