Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы әкімдікпен, полициямен, пробация қызметімен және еріктілермен бірлесіп «Таза Қазақстан – Таза коғам» облыстық экологиялық акцияны өткізді.
Іс-шара бір мезгілде Петропавл қ. және облыстың барлық аудандарында өтті. Қатысушылар саябақтарды, алаңдарды, аулалар мен жағалау аумақтарын, балалар мен спорт алаңдарын ретке келтірді, апаттық қоқыс орындарын жойды, жалғызбасты зейнеткерлер мен ардагерлерге көмек көрсетілді.
Акцияға барлығы 700-ден астам адам, оның ішінде 400-ден астам пробация қызметі мен полицияның есебінде тұрғандар, әкімшілік қадағалаудағы және шартты-мерзімінен бұрын босатылғандар қатысты.
Акцияның ерекшелігі экологиялық бастаманың қайталанған қылмыстың алдын алумен және есеп беретін тұлғаларды қоғамға бейімдеумен үйлесуі болды.
Бірлесіп істелген жұмыс қоғамдық аумақты тазалау ғана емес, сонымен қатар есеп беретін адамдарды әлеуметтік жауапкершілік пен заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған қоғамдық пайдалы қызметке тартуға мүмкіндік берді.
Аталған бағыттағы жұмыс жалғасын таппақ.
Солтүстік Қазақстан облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1271006?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП