Маңғыстау облысының прокуроры Серікқали Күшәлиев облыс бойынша қылмыстық-атқару жүйесі мекемелерін аралады.
Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің өңірлік өкілі Аслан Кужиевпен бірге сотталғандар мен қамаудағы тұлғалардың құқықтарының, сондай-ақ, еңбек, коммуналдық-тұрмыстық және медициналық қамтамасыз ету бөлігіндегі заңнама талаптарының сақталуына тексерілді.
Облыс прокуратурасының үйлестіруімен, жазасын өтеуші 250 сотталған кәсіпорындар мен кәсіпкерлік субъектілеріне жұмысқа орналастырылды.
Прокуратураның бастамасымен және жергілікті атқарушы органдардың қолдауымен тергеу изоляторының медициналық бөлімі 60 млн теңгеден астам сомаға заманауи медициналық жабдықтармен, оның ішінде стоматологиялық қондырғымен, рентген және УДЗ аппараттарымен жабдықталды.
Аталған жабдықтардың жай-күйі және пайдалануға дайындығы тексерілді.
Сонымен қатар сотталғандар мен тергеумен қамаудағыларға жеке қабылдау жүргізіліп, олардың ұстау жағдайлары мен құқықтарының сақталуына қатысты өтініштері қаралды.
Қорытындысымен облыс прокуроры қылмыстық-атқару жүйесі мекемелеріндегі ұстау жағдайларын одан әрі жақсарту және заңдылықты қамтамасыз ету жөнінде тиісті тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-mangistau/press/news/details/1281170?lang=kk
Facebook | Instagram | YouTube | Сайт ГП