KAZEOR 2026 форумы дәл солардың жұмысына қолдау көрсету үшін өтті. Сондықтан форумда қабылданған шешімдер кабинетте қалмауы керек. Олар ұңғыма басында тұрған мамандарға жетуі тиіс.
Еліміздегі ірі кен орындарының көбі игерудің кейінгі сатысында. Жаңа қор іздеу ұзақ әрі қымбатқа түседі. Ал бар қорлардан барынша көп мұнай алу - бүгінгі нақты мүмкіндік. Мұнай бергіштікті бірнеше пайызға арттырудың өзі қосымша миллиондаған тонна өнім береді, жұмыс орындарын сақтайды және саланың ұзақ мерзімді тұрақтылығын қамтамасыз етеді.
Ал іс-шараның өтуі, талқыланған тақырыптар, стратегиялық сессиялар, қонақтар, хакатондар мен воркшоптар туралы Марат Серікұлы Сағындықовпен бірге түсірген біздің соңғы эпизодымызда көре аласыздар. Сілтеме