Іш қату - геморрой пайда болудың негізгі факторы. Ал іш қату неден болады? Көбіне дұрыс тамақтанбау, жеміс-көкөністерді қолданбаған кезде жиі пайда болады. Сонымен қатар, қазіргі таңда адамдар аз қозғалады. Спортты айтпағанда, аз жүреді, аз серуендейді. Күні бойы жұмыста отырулы күйде өткізеді. Бұл перистальтикаға, асқ қорытылуына әсер етеді Сондықтан, проктологтан ұяламын, сол күйі бармаймын десеңіз - жиі қозғалып, дұрыс тамақтанғаныңыз жөн.
September 25, 2024 676