🚑 Тараз қаласында, Жамбыл облысы Жамбыл ауданының Гродеково ауылындағы «Мөлдір бұлақ» облыстық оқу-сауықтыру орталығының аумағында халықаралық қатысумен жедел медициналық жәрдем бригадаларының II Республикалық чемпионаты өтіп жатыр.
🏥 Чемпионатты Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрлігінің қолдауымен Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығы Қазақстан Республикасының Жедел медициналық жәрдем қауымдастығымен бірлесіп ұйымдастырып отыр.
👥 Чемпионатқа 27 команда қатысуда. Оның ішінде Қазақстанның барлық өңірінен 20 команда, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президенті Іс басқармасының Медициналық орталығының «Ұлттық госпиталі» ШЖҚ РМК және «Қарашығанақ Петролеум Оперейтинг» компаниясының командалары бар. Сондай-ақ, халықаралық әріптестерден Беларусь, Өзбекстан Республикасының Самарқанд және Нүкіс қалаларынан, Әзербайжан мен Қырғызстаннан келген командалар қатысуда.
👩🏻⚕️🧑🏻⚕️ Сайыста қатысушылар ресми нұсқамадан өтіп, жедел медициналық жәрдем қызметінің санитариялық автокөліктерімен және медициналық жабдықтарымен танысады. Сонымен қатар, командалар жедел медициналық жәрдем деңгейіндегі триаж бойынша клиникалық станцияда кәсіби дағдыларын көрсетеді.
⚡️ Үш күн бойы қатысушылар шұғыл медициналық көмек көрсету кезіндегі теориялық білімін, практикалық дағдыларын, командалық үйлесімділігі мен жедел әрекет ету қабілетін паш етеді.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі
🖥 Ресми сайт
https://www.gov.kz/memleket/entities/dsm?lang=kk
facebook.com/healthcare.gov.kz
instagram.com/healthcare.gov.kz





