5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын! Тіл — ұлттың… — CSEC🇰🇿 — TG.ME

5 қыркүйек — Қазақстан халқы тілдері күні құтты болсын!
Тіл — ұлттың рухани қазынасы, халықтың тарихы мен мәдениетін ұрпақтан ұрпаққа жеткізетін баға жетпес мұра. Ана тіліміздің мәртебесін биіктету, оны құрметтеу және келер ұрпаққа аманат ету — баршамыздың ортақ міндетіміз.
Қазақ тілі — халқымыздың бірлігі мен ұлттық болмысының негізі. Өзге тілдерді құрметтей отырып, мемлекеттік тілді дамытуға әрқайсымыз үлес қоса берейік!
Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, еңбектеріңізге береке тілейміз. Тіліміз тұғырлы, еліміз бірлікті, болашағымыз жарқын болсын!
#ksek #epidkz #epidbaqylau #epidcontrol #sanepidbaqylau #sanepidcontrol
September 4, 2026 75