Furhat Robotics деп аталатын швед компаниясы қызметкерлерді клиенттермен сөйлесу әдістеріне үйрететін арнайы робот жасағанын жариялады.
Роботтың тек кеудесі мен басы ғана бар. Оған әр түрлі парик және маска кигізу арқылы әр түрлі тұлғалар жасауға болады (ер кісі, әйел кісі, бала). Робот болса әр түрлі жағдайларды симуляция жасай алады: сөйлейді, тыңдайды және ең бастысы наразы клиентті көрсете алады. Соған қарап қызметкерлер өздерінің наразы клиенттермен жұмыс жасау тәжірибелерін шыңдай алады.
Бұл робот Қазақстандағы қай ұйымдарға қажет екенін іштей біліп тұрмыз ;)
https://www.youtube.com/watch?v=vqZgIOAW9bo
December 4, 2018 1.1K