Қазақстан OpenAI және NVIDIA компанияларымен ынтымақтастықты… — BlueScreen QAZ🇰🇿 — TG.ME

🤝 Қазақстан OpenAI және NVIDIA компанияларымен ынтымақтастықты кеңейтеді

АҚШ-қа жұмыс сапары барысында қазақстандық делегация ЖИ және цифрлық экономика саласындағы жетекші компаниялармен бірқатар стратегиялық кездесулер өткізді.

OpenAI басшылығымен жасанды интеллектті енгізуге арналған инфрақұрылымды дамыту, сондай-ақ оқытушылар мен промпт-инженерлерге арналған арнайы келісімге қол қоюға дайындық мәселелері талқыланды. Сонымен қатар Alem.AI базасында ЖИ зертханасын ашу мүмкіндігі қарастырылып жатыр.

US Exim Bank президентімен кездесуде банктың NVIDIA және Freedom Holding-пен бірлесіп жүзеге асырылып жатқан экзафлопстық ЖИ кластерінің құрылысын қаржыландыруға қатысуы сөз болды. Серіктестер жобаны қолдауға дайын екенін білдірді.

Бұдан бөлек, Дүниежүзілік банктің вице-президентімен «Digital Qazaqstan» стратегиялық бастамаларын қаржыландыруға бағытталған жаңа бағдарламаны іске қосу талқыланды.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#NVIDIA #OpenAI

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
❤1👍1👏1
December 10, 2025 51