Қазақстаннан барған делегация АҚШ-та Invisible AI және Global… — BlueScreen QAZ🇰🇿 — TG.ME

🤝 Қазақстаннан барған делегация АҚШ-та Invisible AI және Global Infrastructure Partners компанияларымен кездесулер өткізді

Премьер-Министрдің орынбасары — Қазақстан Республикасының жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мадиев АҚШ-та жұмыс сапарымен жүріп, технологиялық және инвестициялық компаниялармен келіссөздер өткізуде.

✔️ Сапар аясында Invisible AI және Global Infrastructure Partners (GIP) компанияларымен кездесулер өтті.

Invisible AI практикалық жасанды интеллект енгізуге маманданған — жұмыс процестерін автоматтандыру, деректерді құрылымдау және алгоритмдердің адам бақылауымен бірге жұмыс істейтін жүйелерін жасау бағытында қызмет көрсетеді.

Келіссөздер барысында тараптар осындай шешімдерді Қазақстанның мемлекеттік секторында қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Потенциалды пилоттық бағыттар ретінде кеден саласы, салықтық әкімшілендіру және азаматтарға арналған сервистер аталды.

Global Infrastructure Partners (GIP) — энергетика, көлік, цифрлық нысандар және логистика салаларындағы инфрақұрылымдық жобаларға инвестиция салатын әлемдегі ең ірі инвесторлардың бірі.

Келіссөздер компанияның деректер орталықтарын салуға қатысуы, сондай-ақ Қазақстанның есептеу қуаттарын кеңейту мен цифрлық экономиканы дамытуға қажетті энергетикалық және логистикалық инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне арналды.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#АҚШ #жасандыинтеллект

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
❤1👍1🔥1
December 8, 2025 72