Қасым-Жомарт Тоқаев бизнеске қолдау көрсететін ыңғайлы цифрлық экожүйе қалыптастыруды мемлекеттің басым бағыттарының бірі ретінде атап өтті.
Мемлекет басшысының айтуынша, eGovBusiness платформасының іске қосылуы кәсіпкерлердің жұмысын айтарлықтай жеңілдетті:
«eGovBusiness платформасының арқасында мемлекеттік қызметтердің қолжетімділігі артты, кәсіпкерлердің жұмысы жеңілдеді, құжат айналымы қысқарды. Тек биылдың өзінде қосымша арқылы көрсетілген қызметтер саны 4,6 миллионнан асты».
Сервисті одан әрі дамыту екі негізгі қадамды қамтиды:
— eGovBusiness пен Бизнесінің цифрлық картасын интеграциялау;
— жергілікті атқарушы органдардың қызметтерін бірыңғай платформаға қосу.
Бұл сервистер біріктірілгеннен кейін кәсіпкерлер барлық мемлекеттік және өңірлік қызметтерді бір терезе қағидаты бойынша ала алады.
Платформа сондай-ақ жасанды интеллект негізіндегі бизнес жүргізуге қатысты кеңестер беретін болады. Президенттің айтуынша, бұл әкімшілік кедергілерді азайтып, ашықтықты арттырып, мемлекеттік қолдау шараларын тиімдірек етеді.
#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Тоқаев #eGov
TSARKA қолдауымен


