Қазақстан үшін цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізудің әлеуетті… — BlueScreen QAZ🇰🇿 — TG.ME

💵 Қазақстан үшін цифрландыру мен жасанды интеллектті енгізудің әлеуетті әсері $20 млрд-қа дейін жетуі мүмкін

Қасым-Жомарт Тоқаев «Алтын сапа», «Парыз» премиялары мен «Қазақстанның үздік тауары» республикалық конкурсының жеңімпаздарын марапаттау рәсімінде сөз сөйледі.

«Мемлекет пен бизнес арасындағы диалог өзгеруі тиіс. Бұл бағытта тоталды цифрландыру мен жасанды интеллект технологияларын тиімді қолдану қажет.

Жасанды интеллекттің қарқынды дамуы әлемдік экономиканы түбегейлі өзгерістерге әкелуде. Сарапшылардың бағалауынша, 2030 жылға қарай жасанды интеллект әлемдік ЖІӨ-ге 17–26 трлн доллар қосып, 78 млн жаңа жұмыс орнын құра алады.

Ал Қазақстан үшін цифрландыру мен жасанды интеллект құралдарын енгізудің әлеуетті әсері ЖІӨ-ге 14-тен 20 млрд долларға дейін қосымша үлес беруі мүмкін. Мұндай есеп бар. Оның қаншалықты дәл екені – уақыттың еншісінде.

Біз ашылып отырған мүмкіндіктерді толық пайдалануымыз керек», — деді Президент.


#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Тоқаев #жасандыинтеллект

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
❤1👍1🔥1
December 5, 2025 41