Оныншы шығарылымда танымал адамдардың атынан жазысу арқылы жасалатын алаяқтық туралы айтамыз.
Бұл — алаяқтар жұлдыздар, блогерлер, кәсіпкерлер немесе тіпті мемлекеттік тұлғалар болып көрініп, ақша, жеке мәліметтер немесе интим фото сұрап алатын схема. Олар құрбандарын қызығушылықтарына қарай таңдайды: жұлдыздардың фанаттары, бизнес пен инвестицияға қызығатын адамдар, жалғыз жүрген пайдаланушылар — мұндайлар романтикалық сценарийлерге оңай түседі.
Алаяқтар нақты фотолар мен жазбаларды қолданып фейк аккаунт жасайды, верификация белгісін, жазылушыларды және комментарийлерді қолдан жасайды. Кейін «жеке сөйлесуді» бастайды: жылы сөздер, сенім тудыратын тон, «құпия» дауыстық хабарламалар мен тіпті дипфейк-видеолар жіберіп, сеніміңізді арттыра түседі.
Мақсат әрқашан бір — ақша немесе деректерді алу.
💬Олар былай жазуы мүмкін:
— «Тез ақша керек, ешкімге айтпа»;
— «Сыйлықтың салығын/жеткізуін төлеп қой»;
— «Аз ғана ақша жібер, бірнеше есе қайтарып беремін».
Немесе парольдерді ұрлау үшін фейк сайтқа сілтеме жібереді. Ақша аударылғаннан кейін аккаунт жоғалып кетеді немесе әңгіме жалғасып, одан да көп ақша сұрауы мүмкін.
• аккаунттың ресми екенін тексеріңіз, байланыс деректерін және әлеуметтік желілердегі белсенділігін салыстырыңыз;
• жұлдыздар мен танымал адамдар «құпия түрде» бейтаныс адамдарға жазбайтынын есте сақтаңыз;
• жеке мәліметтерді, ақшаны немесе фотоларды жеке хабарламада бермеңіз;
• күмәндансаңыз, схеманы интернеттен іздеп көріңіз — мұндай жағдайлар туралы жаңалықтарда жиі жазады;
• видеоқоңырау жасауды сұраңыз — алаяқ мұндайда әдетте қашқақтайды.
Эмоция, аяушылық немесе романтикалық көңіл-күй арқылы сізді «байлап қоюға» тырысса, ерекше сақ болыңыз.
#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Berekebank #алаяқтар #bluescreen
TSARKA қолдауымен
