YouTube Culture & Trends командасы әлем не көрді және контент қай бағытта дамып жатыр деген сұрақтарға жауап беретін жыл сайынғы трендтер туралы есебін ұсынды. Есепте ең танымал контент пен заманауи мәдениетті қалыптастыратын авторлар, әртістер және фанаттар талданған.
🌏 Аймақтық есептер әр елге жеке дайындалған, бірақ тізімде Қазақстан немесе ТМД елдері жоқ.
Әр аймақ үшін YouTube командасы лидерлердің ТОП тізімдерін көрсетіп, жүздеген арналарды талдау арқылы болашақ креативтілікті анықтайтын ортақ трендтерді белгіледі.
Есепте келесі негізгі санаттар қарастырылған:
— Ең танымал мәдени сәттер (фильмдер, мемдер, музыка);
— 2025 жылғы жазылушылар өсімі бойынша арналар рейтингі;
— 2025 жылы шыққан немесе айтарлықтай өсім көрсеткен ең тыңдалған әндер;
— Осы әндерге түсірілген Shorts саны бойынша рейтинг;
— АҚШ үшін бөлек — ең танымал подкасттар (podcast-плейлисттерді қарау уақыты бойынша).
⚡️ Көп елдерде байқалған ортақ трендтерге мыналар жатады:
• Brainrot және Labubu — көптеген мемлекеттерде жиі тренд болған тақырыптар;
• MrBeast — әлемдегі ең танымал блогерлердің бірі ретінде тұрақты көшбасшы;
• KPop Demon Hunters — көптеген елдерде трендтік клип.
#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#YouTube #Trends
TSARKA қолдауымен





