Google Gemini-чатына тікелей өтуді тестілеуде — іздеу нәтижелерінен… — BlueScreen QAZ🇰🇿 — TG.ME

🔎 Google Gemini-чатына тікелей өтуді тестілеуде — іздеу нәтижелерінен бір-ақ қадам

OpenAI «Қызыл код» жариялап жатқанда, Google жаңа мүмкіндікті тестілеуді бастады: ол «AI Overviews» (ЖИ-шолулар) мен «AI Mode» (ЖИ режимін) біріктіреді.

«Бұл бізді Іздеудің болашағына жақындатады: ойыңыздағы кез келген сұрақты қойыңыз — ұзақ немесе күрделі болса да — және қажет ақпаратты дәл табыңыз».


Енді пайдаланушылар іздеу нәтижелерінің үстіндегі ЖИ жасаған ақпараттық шолудан кейін, Gemini-мен тікелей диалогқа өтіп, қосымша сұрақтар қоя алады.

💬 Диалогтық интерфейс АҚШ-та мамырда, ал әлем бойынша тамызда іске қосылған еді — ол Google Gemini-мен ChatGPT-ге ұқсас форматта сөйлесуге мүмкіндік береді.

Бұған дейін ИИ-мен диалогты бастау үшін «ЖИ режиміне» бөлек кіру қажет болатын. Қарапайым сұраулар үшін қолданушылар классикалық іздеуде қалатын.

💡 Енді Google осы екі режимді бөлу қажет пе деген сұрақты тексеруде , себебі ақпаратты іздеу көбіне тақырыпты тереңдетуді талап етеді. Функция әзірге тек мобильді құрылғыларда тестіленуде.

#АйтарлықIT #Itжаңалықтар
#Google #Gemini

TSARKA қолдауымен

📷 BlueScreen | Digital Kazakhstan
❤1👍1🔥1
December 3, 2025 45