Ертегім Қалайсың? Өткенімде қалғаным Әлі маған Ұнайсың Болғанын… — akimmmichمغني — TG.ME

Ертегім
Қалайсың? Өткенімде қалғаным
Әлі маған Ұнайсың
Болғанын қаламап едік қой бәрін бұлай шын
Қалай шыдайсың күнім?

Не деп сұрайсың кездесіп қалсақ егер қаламызда?
Кім айтсын сезім болған деп біздің
Арамызда
Кім айтсын? Жаным кім айтсын бүгін?


Мен жазған әндерді тыңдап алып жыладың ба?
Енді саған ұнадым ба?
Менде сен туралы жырларым бар

Ешкім естімеген айтылмаған сырларыңды
Айтшы менің құлағыма
Әлде айтуға да тұрмадым ба?


Сол баяғы сөзің, баяғы мінез
Сен үшін өзгердім деп
Неліктен күнде келесің?
Жүректі кімге бересің
Кімді атасың келесі?
Қасымда қалғың келмесін
Сағынып қалдым демеші



Мен қосылсам саған өзімді аяп кетем,
Сен болмасаң көңілімде тыныш екен.
Мен қосылсам саған жолдан тайып өтем
Қасымда қалма менің
Аяқталған ертегім..
❤399😍80🔥25💔11😱10🗿2😁1
May 28, 2026 17.5K 73 52