Мәскеудің үлкен сауда-саттық орталықтарының бірін аралап жүрміз… — TULEBAYEV NT🇰🇿 — TG.ME

Мәскеудің үлкен сауда-саттық орталықтарының бірін аралап жүрміз. Түрлі дүңгіршектер, жарқ-жұрқ еткен шамдар, иін тірескен халық. Бір бұрышта, көрме үстелінің арғы жағында қызылды-жасылды киінген орыстың дәу денелі келіншегі тұр. Алдында колбаса өнімдері жайылған. Көзінің оты жанып, жанынан өткен әр адамға өнімін ұсынып, дегустация жасап жатыр.

Жай ғана қарап өтіп бара жатқан едім:

— Молодой человек, попробуйте! — деді әлгі әйел.

— Спасибо, но я не буду, — дедім сыпайы ғана.

— Пробуйте, пробуйте! — деп қоймайды.

Оның табандылығы еріксіз тоқтатып, жай сөйлесе салайын дедім де:

— А это из какого животного мясо сделано?

— Свинина, — деді бетіме тура қарап, сенімді дауыспен.

— А я свинину не кушаю, — дедім жаймен ғана.

— А кто запрещает? — деп таңданысын жасыра алмады.

Сұқ саусағымды жоғары көтеріп:

— Жаратқан рұқсат етпейді, — дедім.

Ол әйел бір сәтке аспанға қарап, сосын жымия күлді де:

— Ааа, сегодня день пасмурный, он не видит. Ешьте, — деді көзін қысып.

Ішімнен: “Мына әйелге дауа жоқ екен” дедім де, сыпайы ғана:

— Всё равно спасибо, — деп жүре бердім.

Кетіп бара жатып: «Неге аспанды меңзедім? Жаратқан аспанда ғана ма еді?..» деп өзімнен іштей сұрап, үнсіз қалдым. Шындығында, Ол — әрбір жүректің төрінде емес пе? Сол сәттегі үнсіздік мені көп ойға жетеледі. Кінәні өзімнен тауып үнсіз ғана алға беттеп кеттім.
👏22💔17❤11😁5
April 8, 2025 874 1