💰 Базалық мөлшерлеме төмендесе, депозиттің табысы да азая ма?
23 қазанда сағат 12:00-де Ұлттық банк базалық мөлшерлеме бойынша шешімін жариялайды. Ақшасын теңгемен жинап жүргендер үшін бұл - депозит шарттарын тексеруге себеп.
🏦 Ақшаңыз депозитте болса
Депозит мөлшерлемесі бекітілген болса, оның пайызы салым мерзімі аяқталғанша сақталады. Ұлттық банк базалық мөлшерлемені төмендетсе де, депозитіңіздің табыстылығы өзгермейді.
Бірақ салым мерзімін ұзартқанда банк басқа пайыз ұсынуы мүмкін.
💡 Депозит ашуды жоспарлап жүрсеңіз
Базалық мөлшерлеме төмендесе, банктер жаңа салымдар бойынша пайызды азайтуы мүмкін. Бұл бірден бола бермейді: әр банк өз шарттарын өзі қайта қарайды.
Сондықтан ақшаңызды депозитке салуды жоспарлаған болсаңыз, қазір банктердің ұсыныстарын салыстырып, қолайлы пайызбен салым ашуды қарастыруға болады. Салым мерзіміне, оны толықтыру мүмкіндігіне және ақшаны мерзімінен бұрын алу шарттарына да назар аударыңыз.
📈 Ал облигациялар ше?
Облигацияның купоны, яғни төленетін пайызы бекітілген болса, Ұлттық банктің шешімінен оның мөлшері өзгермейді.
Ал нарықтағы пайыздық мөлшерлемелер төмендесе, мұндай облигацияның биржадағы бағасы өсуі мүмкін. Себебі жоғары пайыз төлейтін бағалы қағаз тартымдырақ болады. Бірақ бағаның өсуіне кепілдік жоқ: инвесторлар күтілетін төмендеуді бағаға алдын ала ескеріп қоюы мүмкін.
QORJIN
@qorjin · 1.6K subscribers
Real audienceFinance
QORJIN - қаржылық сауат арнасы: ✅️ Отбасылық бюджет. ✅️ Ақшаны дұрыс басқару. ✅️ Жинақ және инвестиция негіздері. Қарапайым тілмен қаржы туралы ✋️.
Information
Username@qorjin
Linkt.me/qorjin
Discussion3908229466
Channel history
We have been tracking it since October 13, 2026
In all that time the channel has changed neither its name, nor its @username, nor its avatar.
We show only what we have seen ourselves.
These numbers aren’t from todayLast measured on October 13, 2026. The source has been silent since, so this is the last thing we saw — not the channel’s current state.
⌘K
Newest first
Share channel “QORJIN”
The short link opens the channel straight in the Telegram app — not in a browser tab.
tg.me/go/qorjinIs this your channel? Add @tgme as admin — and see how many people click your links. Get the stats →



