PR alliance🌍🤝: post #944 — TG.ME

11 қыркүйекте Астанада XIV PR Forum Astana 2026— мемлекеттік және бизнес-коммуникациялар саласындағы мамандарға арналған кәсіби салааралық конференция өтеді.

Форумның негізгі тақырыптары:

* саяси маусымның қорытындылары: коммуникацияның негізгі трендтері мен жаңа құралдары;
* GR және лоббизм;
* өнеркәсіптік кәсіпорындардағы коммуникация ерекшеліктері;
* коммуникациялық командалардың жұмысында AI-құралдарын қолдану;
* өзекті PR-кейстер және коммуникациялар нарығындағы трендтер.

13 жыл ішінде PR Forum Astana Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1 500-ден астам қатысушыны — бизнес өкілдерін, мемлекеттік құрылымдар мен кәсіби коммуникациялар қоғамдастығының мүшелерін біріктірді.

XIV PR Forum Astana 2026
коммуникациялар саласындағы негізгі өзгерістер, практикалық құралдар және мемлекеттік және бизнес-командалар бүгінгі таңда бетпе-бет келіп отырған нақты сын-қатерлер туралы кәсіби диалог алаңына айналады.

Күні: 2026 жылғы 11 қыркүйек
Өтетін орны: Hilton Garden Inn Astana қонақүйі
Мекенжайы: Қабанбай батыр даңғылы, 15.

Ұйымдастырушылар: PG Communications және PR-шы клубы. Қазақстан Республикасының Қоғаммен байланыс жөніндегі ұлттық қауымдастығы мен ICCO қолдауымен.

Тіркелу және қосымша ақпарат алу үшін:
Гаухар Токишева
+7 701 777 98 06
[[email protected]]
❤1
August 18, 2026 205 1