Шымкентте полицейлер түнгі уақытта көшеде жүрген кішкентай екі баланы… — POLISIA.KZ — TG.ME

🚔 Шымкентте полицейлер түнгі уақытта көшеде жүрген кішкентай екі баланы ата-анасына табыстады

Шымкент қаласында түнгі кезекшілік кезінде патрульдік полиция қызметкерлері көшеде ересектердің қарауынсыз жүрген екі кішкентай баланы байқап, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етті.

Тәртіп сақшылары балаларды патрульдік көлікке отырғызып, “102” арнасы арқылы олардың ата-аналары іздеп жатқанын анықтаған. Көп ұзамай балалардың ата-аналарымен байланыс орнатылып, бүлдіршіндер аман-есен үйіне жеткізілді.

Балаларының аман табылғанына қуанған ата-аналар полицейлерге алғыстарын жеткізді.

Сонымен қатар полиция қызметкерлері ата-аналармен профилактикалық әңгіме жүргізіп, балаларды қараусыз қалдырмаудың және олардың қауіпсіздігіне әрдайым жауапкершілікпен қараудың маңызын түсіндірді.

Полиция мұндай жағдайлардың алдын алу мақсатында ата-аналарға балалардың қайда жүргеніне назар аударып, олардың қауіпсіздігіне бейжай қарамауды ескертеді.

ЗАҢМЕНТӘРТІП
БІЗДІҢПОЛИЦИЯ

***

🚔 Полицейские вернули домой двух пропавших детей в Шымкенте

В Шымкенте во время ночного патрулирования сотрудники патрульной полиции заметили на улице двух детей без сопровождения взрослых и обеспечили их безопасность.

Полицейские посадили детей в служебный автомобиль и через канал "102" установили, что их разыскивают родители. Вскоре стражи порядка связались с родителями и благополучно доставили детей домой.

Стражи порядка провели с родителями профилактическую беседу, напомнив о необходимости постоянного контроля за несовершеннолетними и соблюдения мер безопасности.

В свою очередь родители выразили сотрудникам полиции благодарность за оперативную помощь.

Полиция призывает родителей не оставлять детей без присмотра и уделять особое внимание их безопасности.

ЗАКОНИПОРЯДОК
НАШАПОЛИЦИЯ

📱 POLISIA.KZ
September 2, 2026 1.3K 5