Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі… — intabih 📚📖📌 — TG.ME

Адамнан сұрағанның екі көзі шығады, Алладан сұрағанның екі бүйірі шығады.
Пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың оған салауат сәлемдері болсын) айтты : «Алла, пендесі екі қолын жайып сұрағанда, оны бос қол қайтарудан ұялады», - деді (Әбу Дауд).

П.С: Құдайды шынайы сезінгенімізде еді, бүткіл әлемнің раббысы, мейірім мен рақымның, кеңшілік пен үстемдік Иесі деп білгенде еді, Құдай жолымызды аша көр деместең, жолымызды туралықпен ақиқатқа ашар еді.

Уа Жүректердің Иесі, жүректерімізді Өз дініңде берік ет, қадамдарымызды нық қыл.
Уа Раббым Алла, дүниемізді бейзендіргендей, ақыретімізді жақсылық атаулымен бейзендір.
Ниеттер ашылатын күні, ниеттеріміз Өзін үшін болған пенделерден қыл.
Дініңде ойнап жүріп секендесек, артық сөйлесек, біліп-білмей қателікке ұрынсақ, Уа Алла Өзін ғафу еткейсің!
Уа Алла Сенен өзге тәңір жоқ, Сен тура жолға бастасаң, ешкім адастыра алмайды, Сен адастырсаң, ешкім туралыққа бастай алмайды.
Бізді кеш, Уа Алла ата-анамызды, бауырларымызды, туыс-жекжаттарымызды, дос-бауырларымызды, жолдастарымызды, бізге жақсылығы тигендерді, жақсылығы тимегендерді, біз ақысына кіргендерді, біздің ақымызға кіргендерді, барша мұсылман қауымын Өз құзырында кешірім ет!

#Дұға
❤1
February 3, 2026 205