Вакцинациялау неге маңызды? ❓ Вакцинациялауға қатысты әлі де көптеген… — ҚР Денсаулық сақтау министрлігі | Министерство здравоохранения РК ⚜️ — TG.ME

Вакцинациялау неге маңызды?

Вакцинациялауға қатысты әлі де көптеген сұрақтар мен түрлі мифтер бар. Екпеден кейін ауырып қалу мүмкін бе? Вакциналардың қауіпсіздігі қалай бақыланады? Ересектерді вакцинациялау қажет пе және ол кімдер үшін аса маңызды?

👩🏻‍⚕️ Бұл сұрақтарға медицина ғылымдарының докторы, профессор, ҚР ДСМ Дәрілік заттар мен медициналық бұйымдарды сараптау ұлттық орталығының сарапшысы, ҚР ДСМ жанындағы Халықты иммундау жөніндегі ұлттық техникалық консультациялық сарапшылар тобының мүшесі Жаннат Сатыбалдиева жауап береді.

Карточкаларда вакцинациялау туралы ең маңызды ақпаратты: ғылыми деректерді, вакциналардың қауіпсіздігіне қатысты мәліметтерді, ересектерге арналған ұсынымдарды және кең таралған қате түсініктерге берілген жауаптарды жинақтадық.

🙌 Карточкаларды парақтап, вакцинациялау туралы сарапшының пікіріне негізделген маңызды ақпаратпен танысыңыздар.

💉 Қазақстанда вакцинациялау балаларға да, ересектерге де жүргізіледі, ал қолданылатын вакциналар мемлекеттік тіркеуден өтіп, қауіпсіздігі мен сапасы бағаланады.
September 7, 2026 319 2